date

Адани: Наполи үшін ең нашар ойын


Итальяндық бұрынғы футболшы Даниеле Адани "Наполидегі" дағдарыс жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша, "Болоньямен" болған жеңілістен кейін эмоцияға берілгіш Антонио Конте қызметтен кетуге дайын болған.

Аданидің сөзінше, мұндай әрекетті Контенің мінез-құлқынан күтуге болады еді. Дегенмен, Адани Контенің жақын арада қызметінен кететініне сенбейді.

"Бұл Конте кезеңіндегі "Наполи" үшін ең нашар ойын болды және бұл назардан тыс қалуы мүмкін емес еді. Бірақ ол клуб жайлы айтқанда өзінің қызметінен кетуін емес, жауапкершілікті, әркімге көмек көрсетуге дайын екенін және мотивация туралы сөз қозғады", – деді Адани calcionapoli1926.it басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Антонио Конте "Наполиді" 2024 жылдан бері басқаруда.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Код анық көрінбесе, оны жаңарту үшін суретті басыңыз
Жаңалықтар » Спорт » Адани: Наполи үшін ең нашар ойын