
Испания ұлттық құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуэнте "Барселона" клубымен мүдделер қайшылықтары туралы сұраққа түсініктеме берді. "Көк-гранаталықтар" ойыншылары ұлттық құраманың жиындарында көбіне жарақат алып жатқаны туралы ақпараттар тараған.
Белгілі болғандай, "Барселона" өкілдері шаршаған ойыншыларға түсірілетін жүктемені азайту туралы өтініш жасаған, алайда ұлттық құраманың бапкерлік штабы бұл өтінішке мән бермеген. "Біз "Барселонамен" соғысып жатқан жоқпыз.
Барлығымыз бір мақсатты көздейміз – жетістікке жетуді. Біздің мүдделеріміз ортақ.
Мен "Барселона" шешімдерін құрметтеймін, бірақ менің шешімдерім де құрметтелгенін қалаймын", – деді де ла Фуэнте. Қараша айында Испания ұлттық құрамасы Грузия (15 қараша) және Түркия (18 қараша) құрамаларына қарсы ойын өткізеді.
Луис де ла Фуэнте: Біз "Барселона"-мен соғысып жатқан жоқпыз
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар