date

Де Лигт: Манчестер Юнайтед күшейіп жатыр


«Манчестер Юнайтед» командасының орталық қорғаушысы Матейс де Лигт клубтың қазіргі деңгейі жайлы пікір білдірді. «Қызыл шайтандар» маусымның басында аса сәтті өнер көрсетпегенімен, кейіннен өз ойындарын жақсартты.

Қазір Рубен Аморим жетекшілік ететін команда Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. Төртінші орыннан бар болғаны бір ұпай артта.

«Біз дұрыс бағытта алға жылжып келеміз. Әрине, әлі жетуіміз керек деңгейден алыспыз, бірақ алға жылжу жалғасуда.

Қазіргі уақытта командамыз жақсы нәтиже көрсетуде, соңғы бес ойында жеңіліс таппадық. Халықаралық үзілістен кейін бұл үрдіс жалғаса береді деп үміттенемін», – деп нидерландиялық футболшы VoetbalPrimeur басылымына берген сұхбатында айтты.

«Манчестер Юнайтед» келесі турда, 2025 жылғы 24 қараша күні, өз алаңында «Эвертонды» қабылдайды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Де Лигт: Манчестер Юнайтед күшейіп жатыр