Барселона Мессидің оралуы туралы нақты жауап берді

Барселона Мессидің оралуы туралы нақты жауап берді
«Барселона» клубының президенті Жоан Лапорта аргентиналық футболшы Лионель Мессидің «көк-анар түстілер» сапына қайта оралуы туралы мәлімдеме жасады. «Мессиді қайта әкелу мәселесінде бәрі біз қалағандай болмады.

Месси «Барселонаға» орала ма? Бұл туралы барлық әңгімелер орынсыз», - деді Лапорта Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.

Месси «көк-анар түстілер» академиясының тәрбиеленушісі болып табылады. Ол «Барселонаның» негізгі құрамасында 2005 жылдан 2021 жылға дейін ойнаған.

Қазіргі уақытта Лионель АҚШ-тың «Интер Майами» клубында MLS чемпионатында өнер көрсетуде. Футболшының қазіргі келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін жарамды.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар