date

Сака: "Адамдар пікірі ауа райы сияқты өзгереді"


“Арсенал” командасының жартылай қорғаушысы Букайо Сака Англия Премьер-лигасындағы чемпиондық мүмкіндіктері туралы пікір білдірді. Қазіргі уақытта “канонирлер” жарыс кестесінде көш бастап келеді.

“Чемпиондық мүмкіндіктері? Мұны басқалар талқыласын.

Біздің міндетіміз – әр ойында жеңіске жету, алаңға осындай көңілмен шығамыз. Бұл жол бізді қайда алып баратынын көреміз.

Адамдардың не айтатынын ойлаудың қажеті жоқ. Бүгін олар бір нәрсе айтады, ертең басқа нәрсе.

Мен бұған дейін де айтқанмын: адамдардың ойлары мен көзқарастары ауа райы секілді жиі өзгереді. Ең маңыздысы – бұл команданың ішкі ортасы: біздің бірлігіміз, негізіміз және өз күшімізге деген сеніміміз.

Сыртқы шударға назар аудармауымыз керек”, – деді Сака talkSPORT-қа берген сұхбатында. “Арсенал” соңғы рет Англия чемпионы болған кезең 2003/2004 маусымы еді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Сака: "Адамдар пікірі ауа райы сияқты өзгереді"