date

Паоло Ваноли неге "Фиорентина" клубын таңдады


“Фиорентина” бас бапкері Паоло Ваноли клубты басқаруға қандай себеппен келісім бергенін түсіндірді. Флоренция командасы А сериясының 11-турынан кейін бірде-бір жеңіске жете алмаған күйде турнирлік кестенің ең төменгі сатысында орналасқан.

"Мен бұл ұсынысты қабылдадым, себебі "Фиорентина" қандай клуб екенін жақсы білемін. Мұндай сынақтар маған күш береді, мен қорықпаймын", – деді Ваноли "Фиорентина" баспасөз қызметі арқылы.

"Фиорентина" келесі матчын 22 қараша күні өз алаңында "Ювентусқа" қарсы өткізеді. Еске сала кетейік, 2022 жылы Паоло Ваноли басшылығындағы Мәскеудің "Спартак" командасы Ресей Кубогын жеңіп алғаннан кейін италиялық бапкер клубтан кеткен болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Паоло Ваноли неге "Фиорентина" клубын таңдады