date

Анчелотти: Роналду 1 000 гол соғады


Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Криштиану Роналдудың мансабында 1 000 гол соғу мақсаты жайында пікір білдірді. Италиялық маман бұрын Мадридтің "Реал" командасында португалиялық шабуылшымен бірге жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта 40 жастағы футболшы "Ан-Наср" клубының құрамында ойнап, 953 гол соғуға қол жеткізген. "Ол сөзсіз 1 000 гол соғады.

Бұл нәтижеге жететініне күмәнім жоқ. Жақында Италияда менен Лука Модрич туралы сұраған болатын, мен оның 40 жасында да "Милан" сапында өзін көрсете алатынын айттым.

Криштиану мен Лука – футболды сүйіп, өз ісіне шын берілген нағыз мамандар. Олар әрдайым өз мақсаттарына жетеді.

Роналду 1 000-голын соққанда, мені сол таңғажайып рекорд құрметіне ұйымдастырылатын мерекеге міндетті түрде шақырыңыздар," – деді Анчелотти Diario AS басылымына берген сұхбатында. Карло Анчелотти "Реал" клубын 2013-2015 және 2021-2025 жылдар аралығында басқарған.

Ал Криштиану Роналду "Корольдік клубта" 2009 жылдан 2018 жылға дейін ойнады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Анчелотти: Роналду 1 000 гол соғады