Эндрик "Реалдан" кетеді

Эндрик "Реалдан" кетеді
Бразилиялық шабуылшы Эндрик Мадридтің "Реал" клубынан кету туралы шешім қабылдады. Оның басты мақсаты - тұрақты ойын тәжірибесін табу.

BBC хабарлауынша, "Реал" мен Францияның "Лион" клубтары арасында футболшыны арендаға беру бойынша келіссөздер қарқынды жүріп жатыр және келісімге қол жеткізуге жақын. Эндрик 2025/2026 маусымының екінші жартысында "Лион" сапында ойнай бастайды.

Бразилиялық футболшы жаңа командасына 2026 жылдың 1 қаңтарында қосылады. Сондай-ақ, қазіргі маусымда Эндрик "Реал" сапында тек бір рет ойынға шыққанын айта кеткен жөн.

"Лион" қазіргі таңда Франция чемпионатының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар