
Мадридтің "Реал" клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Кильян Мбаппе өз мансабындағы 400-голын тойлады. 26 жастағы футболшы бұл нәтижеге 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Украина құрамасына қарсы өткен ойында дубль жасап жетті.
Мбаппе бұл межеге бар болғаны 535 ойында жетті. Бұл көрсеткіш Криштиану Роналду (653 ойын), Роберт Левандовски (643 ойын) және Гарри Кейн (631 ойын) нәтижелерінен жақсырақ, алайда Лионель Месси (525 ойын) көрсеткішінен аздап артта.
Кильян Мбаппе Франция құрамасына 2017 жылы дебют жасап, осы уақытқа дейін 94 ойында 55 гол соққан. Клуб деңгейінде Мбаппе "Монако" мен "ПСЖ" клубтарында ойнап, кейін Мадридке ауысқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.