
Танымал бапкер Карло Анчелотти "Реал" және Англия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем туралы пікір білдірді. "Джуд тамаша футболшы.
Егер оны біреумен салыстыру керек болса, бұл Кака болады. Ол дәл осындай ойыншылар қатарына кіреді: өте ақылды, физикалық тұрғыдан мықты және пенальти алаңына дәл сәтінде кіруді жақсы біледі.
Мен ешқашан Беллингемнің мінезінен шағымданған емеспін. Ол өте кәсіби, байсалды және жаттығуларда көп еңбектенеді, басқа ағылшын футболшылары сияқты.
Ол ешқашан наразылық білдірмеген", – деді Анчелотти Goal порталына Rest is Football подкастына сүйеніп. Еске сала кетейік, Карло Анчелотти жазда Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.