date

Нагельсманн: «Біз тең ойын үшін ойнамаймыз»


Германия ұлттық құрамасының бас бапкері Юлиан Нагельсманн әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы турда Словакияға қарсы өтетін шешуші матч жайында пікірін білдірді. Дәл осы кездесу мундиальге тікелей жолдаманың тағдырын шешеді.

Командалар өз активтерінде 12 ұпайдан жинаған, бірақ доп айырмашылығы Германияның пайдасына болғандықтан, олар үшін тең нәтиже де жеткілікті. Аталған ойын дүйсенбі күні өтеді.

"Мен ешқашан өз командаларымды тең ойынға ойнатуға дайындаған емеспін. Біз матчта жеңіске жетуге тырысамыз.

Бұл біздің стандарттарымыз және осылай болуы керек. Егер бүгінгіден жақсырақ ойнасақ, жеңіске жете аламыз", – деді Нагельсманн Люксембургке қарсы 2:0 есебімен жеңіске жеткеннен кейінгі сұқбатында.

Еске сала кетейік, Германия бірінші айналымда Словакиядан сырт алаңда 0:2 есебімен жеңілген болатын.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Нагельсманн: «Біз тең ойын үшін ойнамаймыз»