Барселона Левандовскийдің орнына Альваресті алуы мүмкін

Аргентина ұлттық құрамасы мен Мадридтің "Атлетико" клубының шабуылшысы Хулиан Альварес мансабын басқа Испанияның ірі клубында жалғастыруы мүмкін. Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, 25 жастағы футболшыны Каталонияның "Барселона" клубы өз қатарына қосуға қызығушылық танытып отыр.
"Көк-гранаталар" басшылығы Альваресті 37 жастағы поляк Роберт Левандовскидің орнын басатын қолайлы кандидат ретінде қарастыруда. Левандовскидің келісімшарты келесі жылдың жазында аяқталады.
Альварестің трансферлік құны 100 миллион еуроны құрайды. Оның қолданыстағы келісімшарты 2030 жылдың жазының соңына дейін жарамды.
Қазіргі Ла Лига маусымында аргентиналық шабуылшы 12 матчқа қатысып, 7 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз