
Франция ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Жером Ротен "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппенің 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу ойындары аясында Әзербайжанға қарсы сырт алаңдағы матчқа қатыспауын сынға алды. Ротеннің айтуынша, Мбаппе команданың басты жұлдызы болғанымен, оған өзгелерге қарағанда ерекше көзқарас танытылады.
"Командада басқа да футболшылар бар. Олар да шаршамай ма?
Бірақ олар бұл ойынға бара жатыр, ал Мбаппе жоқ. Әзірге ұлттық құрама жеңіске жетіп жатқандықтан, мұндай шешімдерге ешкім шағымданбайды.
Алайда Мбаппеге қатысты жағдайлар команда ішіндегі атмосфераны бүлдіруі мүмкін", - деді Ротен Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында. Бұған дейін Мбаппенің өкшесіндегі жарақатына байланысты ұлттық құрама лагерін тастап кеткені хабарланған болатын.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.