Левандовски қыс мезгілінде "Барселонадан" кетпейді

Польшалық шабуылшы, "Барселона" футболшысы Роберт Левандовский қаңтар айында клубты тастау туралы ешқашан ойламаған. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Дереккөзге сәйкес, 37 жастағы Левандовский маусым аяқталған соң футболдан кетуді жоспарламаған. Ол маусым айына дейінгі "Барселона" ойындарына толық назар аударған.
Левандовский барлық мүмкін болған жүлделерді жеңіп алуды қалайды, содан кейін болашағы жөнінде шешім қабылдайды. Осы маусымда Левандовский барлық турнирлерде 12 ойынға қатысып, 7 гол соққан.
Оның "Барселона"-мен қазіргі келісімшарты келесі жазда аяқталады.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз