date

"Милан" клубының бұрынғы футболшысы мансабын аяқтады


Италия құрамасы мен "Милан" клубының бұрынғы футболшысы Маттиа Кальдара кәсіби футболшы мансабын 31 жасында аяқтағанын жариялады. Кальдараның айтуынша, тізесіндегі ауыр жарақаттан кейін ол бұрынғы деңгейіне қайта орала алмаған.

"Қош бол, сүйікті футболым. Бұл айлар мен үшін өте қиын болды.

Мен тіземді жарақаттаған соң, өмірімнің қалай өзгергенін айтып отырмын. Бұрынғы Кальдара болып қайта алмадым", – деді футболшы.

31 жастағы Кальдараның соңғы клубы "Модена" болды. Сонымен қатар, ол "Милан", "Специя", "Аталанта" және басқа клубтарда да ойнаған.

Кальдара Италия құрамасы сапында екі матчқа қатысқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Милан" клубының бұрынғы футболшысы мансабын аяқтады