"Манчестер Юнайтед" жас португалдықты көздеп отыр

Манчестер Юнайтед Лиссабонның Спортинг клубының жартылай қорғаушысы Сальвадор Блопаны өз қатарына қосуға қызығушылық танытуда. 18 жастағы футболшы Спортингтің негізгі құрамында тек бір матч өткізіп, сол ойында Алверка қақпасына екі гол соғып үлгерген болатын (5:1).
Mail Sport хабарлауынша, «қызыл шайтандар» талантты футболшыны мұқият қадағалауда және жақын арада оны сатып алу мәселесін қарастыруда. Блопа өзінің әмбебаптылығымен ерекшеленеді: ол екі қанаттың кез келген позициясында ойнай алады, бірақ көбіне оң жақ қанатта өнер көрсетеді.
Жас футболшының Португалияның 19 жасқа дейінгі құрамасы сапында 8 матчта 2 гол соққаны да оның дарынын дәлелдейді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз