date

Луис Суарес: 'Әрқашан Барселона ойындарын көремін'


“Интер Маями” шабуылшысы Луис Суарес “Барселона” ойындарын бақылауды жалғастырып жүргенін мәлімдеді. Уругвайлық футболшы 2014 жылдан 2020 жылға дейін Каталония клубының намысын қорғаған болатын.

2024 жылдың басында Суарес “Интер Маями” клубына өтті және мұнда бұрынғы әріптестері Лионель Месси, Серхио Бускетс және Жорди Альбамен қайта кездесті. Олар бірге “Барселона” сапында табысты мансап құрып еді.

“Мен әрдайым “Барселона” ойындарын көремін, балаларым да олардың ойындарын жіберіп алмайды”, – деді 38 жастағы футболшы испаниялық журналистерге берген сұхбатында. Луис Суарес “Барселона” құрамында жалпы 283 ойынға қатысып, 195 гол соққан және 113 голға ассистенция жасаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Луис Суарес: 'Әрқашан Барселона ойындарын көремін'