Доннарумма: Баразыңды көтеріп, сенімді қайтарамыз

Доннарумма: Баразыңды көтеріп, сенімді қайтарамыз
Италия құрамасы Норвегиямен болған ойында 1:4 есебімен жеңіліске ұшырап, енді Әлем чемпионатына жолдама үшін плей-офф кезеңінде ойнауға мәжбүр болады. Осы сәтсіз ойынға байланысты команданың қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма өз пікірін білдірді.

"Бірінші және екінші тайм бір-бірінен күрт айырмашылыққа ие болды. Наурыз айында бізді маңызды міндет күтіп тұр.

Басымызды көтеріп, сенімімізді қайтарып, наурыз айында жұмысты аяқтауымыз керек", – деді Доннарумма calcionapoli1926.it басылымына берген сұхбатында. Еске сала кетсек, Италия құрамасы соңғы рет Әлем чемпионатына 2014 жылы қатысқан еді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар