Барджжи: Мессиді көру үлкен құрмет болар еді

Барджжи: Мессиді көру үлкен құрмет болар еді

Бардгьи: Мессиді көру үлкен құрмет болар еді
«Барселонаның» 20 жастағы вингері Руни Бардгьи клуб аңызы Лионель Месси туралы өз пікірін білдірді. Аргентиналық футболшы 2021 жылы «көк-гранатылар» қатарынан кеткен еді, бірақ жақында ол «Камп Ноуда» көрініп, бұл тіпті клуб өкілдері үшін күтпеген жағдай болды.

«Бұл ерекше сәт болды, мен суреттерді көрдім. «Камп Ноу» — Мессидің үйі.

Оның «Барселонаға» оралуы туралы көп нәрсе айта алмаймын, бірақ Лео дегеніміз – Лео. Әрине, ол мен үшін үлгі тұтар тұлға, бір күні онымен кездесу үлкен құрмет болар еді», – дейді жас швед футболшысы Barca Universal басылымына берген сұхбатында.

Руни Бардгьи биылғы жылдың жазында «Копенгагеннен» «Барселонаға» ауысып келген еді. Ал Лионель Месси қазір «Интер Майами» клубында өнер көрсетуді жалғастыруда.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар