date

"Манчестер Юнайтед" Балебаны басты мақсат ретінде таңдады

Камерундық футболшы жайлы жаңалық
«Манчестер Юнайтед» клубы келер жылдың жазында «Брайтон» жартылай қорғаушысы Карлос Балебаны өз құрамына қосуды жоспарлап отыр. Камерундық футболшы бұрыннан «қызыл шайтанның» назарында болып келеді, алайда «Брайтон» жұлдызды ойыншысын жіберуге асығар емес және жоғары өтемақы талап етуде.

Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» Балебаны 2026 жылғы жазғы трансфер терезесінің басты мақсаты ретінде белгілеген. Ойыншының өзі де бұл көшуден қызығушылық білдірген.

21 жасар жартылай қорғаушының құны Transfermarkt деректеріне сәйкес, 60 миллион еуроға бағаланған. Дарынды футболшының «Брайтонмен» қазіргі келісімі 2028 жылға дейін жасалған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Манчестер Юнайтед" Балебаны басты мақсат ретінде таңдады