date

Жоан Гарсияның алаңға оралатын күні белгілі болды


«Барселона» командасының жарақат алған қақпашысы Хоан Гарсия туралы жаңа мәліметтер жарияланды. Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның әлеуметтік желіде берген ақпаратына сәйкес, 24 жастағы испан футболшысы жақында өтетін «Атлетик» командасымен ойында «Барселона» сапында алаңға шыға алады.

Еске сала кетсек, Гарсия жарақатына байланысты қыркүйек айының соңынан бері ойынға қатыспаған болатын. Осы маусымда ол барлық жарыстарда жеті ойында өнер көрсетіп, бес гол жіберген және үш ойында қақпасын таза сақтап қалған.

22 қараша күні «Барселона» өз алаңында Бильбаоның «Атлетик» командасын қабылдайды. Испания Ла Лигасының 13-тур ойыны сағат 18:15-те басталады деп жоспарланған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Жоан Гарсияның алаңға оралатын күні белгілі болды