date

Карим Бензема "Реалға" қайтуы мүмкін

Карим Бензема туралы жаңалық
Мадридтік "Реал" командасының бұрынғы шабуылшысы Карим Бензема клубқа оралуы мүмкіндігі жөнінде пікір білдірді. 2023 жылдан бастап француз футболшысы Сауд Арабиясының "Аль-Иттихад" командасының намысын қорғап келеді.

"Егер Флорентино Перес әлі де "Реалдың" басшылығында болса, бұл мүмкін. Мен ешқашан Переске жоқ деп айта алмаймын.

Мен мадридистпін. Мұны жүрегіммен сезінемін.

Мадрид әлі де менің қалам. Не болатынын көреміз", — деп Diario AS Бенземаның сөзін келтіреді.

Ағымдағы маусымда 37 жастағы Бензема барлық турнирлерде жалпы 9 ойынға қатысып, 5 гол соқты. Шабуылшының "Аль-Иттихад" командасымен қолданыстағы келісімшарты 2026 жылдың жазыға дейін есептелген.

Еске салайық, Бензема "Реал" сапында "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Карим Бензема "Реалға" қайтуы мүмкін