date

Таре: "Лациода жалақы бірнеше есе өсті"

Тәре: "Лациода жалақылар бірнеше есе өсті"
Милан клубының спорт директоры Игли Тәре бұған дейін 15 жыл бойы Лацио клубында жұмыс істеген. Ол осы уақыт ішінде клубтағы футболшылардың жалақылары бірнеше есе өскенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол белгілі италиялық журналист Джанлука Ди Марцомен үлкен сұхбат барысында айтып берді. "Менің кезеңімде Лацио жылына ең көп дегенде 500 мың еуро жалақы төлейтін клубтан футболшыларға 4-5 миллион еуро көлемінде еңбекақы төлейтін командаға айналды.

Мысалы, Луис Альберто немесе Чиро Иммобиле секілді ойыншылар осындай жалақы алған", - деді Тәре. Қазіргі уақытта Лацио клубы Италия А Сериясы турнир кестесінде 9-орында тұр.

Клуб соңғы рет Италия чемпионы атағын 2000 жылы жеңіп алған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Таре: "Лациода жалақы бірнеше есе өсті"