18 жасар Эстевао Бразилия үшін тағы бір гол салды

Челси клубының вингері Эстевао Вильян Бразилияның ұлттық құрамасы сапында Тунисқа қарсы өткен жолдастық кездесуде жалғыз голдың авторы болды. Кездесу сейсенбі күні өтті және 1:1 есебімен аяқталды.
18 жастағы футболшы бірінші таймның соңында пенальтиден гол соқты. Бұл оның Бразилия ұлттық құрамасы сапындағы 11 ойынындағы бесінші голы болды.
Эстевао осы бес голдың барлығын күз мезгілінде, Карло Анчелотти басқаруында жүзеге асырды. StatMuse мәліметтеріне сүйенсек, италиялық бапкер команданы басқарғаннан бері Эстевао Бразилия сапында Винисиус Жуниор мен Родригодан (Мадридтің Реал клубының футболшылары) көбірек гол соққан.
Олардың әрқайсысы тек екі голдан соққан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз