date

Франко Мастантуоно екі футболшыны мақтады


Мадридтің "Реал" клубының футболшысы, 18 жастағы аргентиналық Франко Мастантуоно командалас екі әріптесі туралы өз пікірін білдірді. Биылғы жылдың тамыз айында "патша клубына" қосылған жас футболшы жартылай қорғаушы Джуд Беллингем мен шабуылшы Килиан Мбаппені айрықша атап өтті.

"Джуд пен Килиан мені командада ең қатты таңғалдырды. Беллингем керемет футболшы, оның техникасы өте мықты және ол ойынға үлкен ықпал етеді.

Мбаппе болса, табиғи шабуылшы, нағыз үздік футболшы", – деді Мастантуоно испан БАҚ-тарына берген сұхбатында. 23 қараша күні "Реал" Ла Лиганың 13-турында өз алаңында "Эльче" командасын қабылдайды.

Қазіргі уақытта Хаби Алонсо жетекшілік ететін команда Испания чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орында тұр және "Барселонадан" үш ұпайға алда келе жатыр.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Франко Мастантуоно екі футболшыны мақтады