date

Мбаппе Хакимиді "Африка патшасы" деп атады

Мбаппе Хакимиді "Африка королі" деп атады

Мадридтің "Реал" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе "Пари Сен-Жермен" қорғаушысы Ашраф Хакимиді беделді жүлдемен құттықтады. Марокколық футболшы 2025 жылдың қорытындысы бойынша Африканың ең үздік футболшысы атанды.

Бұл жүлде үшін жарыс барысында Хакими келесі қарсыластарын артта қалдырды: • "Ливерпуль" шабуылшысы Мұхаммед Салах; • "Галатасарай" шабуылшысы Виктор Осимхен.

Килиан Мбаппе әлеуметтік желідегі парақшасында досына жылы лебіздерін білдірді.

"Сені жақсы көремін, бауырым. Африканың королі. Браво, досым. Бұл марапатқа толықтай лайықсың", – деп жазды француз футболшысы.

Еске сала кетейік, Килиан Мбаппе мен Ашраф Хакими 2024 жылға дейін "ПСЖ" сапында бірге ойнаған, содан кейін Мбаппе Мадрид клубына ауысқан болатын. Айта кетсек, Хакими 2024/25 маусымында Париж клубы құрамында Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе Хакимиді "Африка патшасы" деп атады