date

Тоттенхэм Монако футболшысын бақылауда


Монако клубының вингері Магнес Аклиуш Лондонның «Тоттенхэм» командасының скауттарының назарына түсті. Бұл туралы Football Insider басылымы хабарлайды.

Мәліметке сәйкес, «Тоттенхэм» скауттары Аклиуштың Франция құрамасы сапында Әзірбайжанға қарсы ойынын бақылаған. Аталған матчта 23 жастағы шабуылшы алаңда 62 минут ойнап, бір гол соқты.

«Тоттенхэм» Аклиуштың ойынына тәнті болып, оны өз құрамына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Команда жазда Савио мен Морган Гиббс-Уайтты қатарларына қоса алмаған болатын.

Ағымдағы маусымда Аклиуш барлық жарыстарда 15 матчқа қатысып, 3 гол соғып және 3 нәтижелі пас берген.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Тоттенхэм Монако футболшысын бақылауда