date

Александр Бубнов: Ресей құрамасы қажет емес


Мәскеудің "Спартак" клубының бұрынғы қорғаушысы Александр Бубнов Ресей құрамасы туралы өз пікірін білдірді. Белгілі болғандай, Ресей ұлттық құрамасы 2022 жылғы ақпан айынан бастап халықаралық ойындардан шеттетілген.

"Қазір ешкімге құраманың керегі жоқ. Ол тек ресми ойындар үшін қажет.

Карпиннің ол жерде не керегі бар? Бізде "Патша", Ташуев, Пятибратов бар.

Мен сол жерде тегін жұмыс істей алатындарды атап бере аламын," – дейді Бубнов "Komment.Show" YouTube арнасындағы сұхбатында. Ресей құрамасы соңғы рет жолдастық кездесуді Чили ұлттық құрамасына қарсы Сочиде өткізген болатын.

Бұл кездесу 15 қараша күні өтіп, Валерий Карпиннің шәкірттері 0:2 есебімен жеңіліске ұшыраған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Александр Бубнов: Ресей құрамасы қажет емес