
«Алавес» шабуылшысы Мариано Диас «Реал» сапында Криштиану Роналдумен бірге ойнаған кездерін еске алды. 32 жастағы футболшының айтуынша, португалиялық жұлдыз оның мансабына үлкен әсер еткен.
«Роналду маған күн тәртібін жоспарлау, дәлдік, жаттығуларда еңбек ету, ұсақ бөлшектерге назар аудару, қалпына келу және ойындарға дайындалу бойынша көп нәрсені үйретті. Сондай-ақ, өз сөзіңде тұрудың маңыздылығын түсіндім,» – деді Мариано Madrid Universal басылымына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Мариано карьерасын «Реал» сапында бастаған. Ол 2018 жылы «Лиондағы» табысты өнерінен кейін Мадрид клубына оралған, алайда өзін көрсете алмаған.
Ал Криштиану Роналду 2009 жылдан 2018 жылға дейін «Реал» намысын қорғаған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.