date

Штиллер "Реалды" таңдауда


Германияның "Штутгарт" клубының жартылай қорғаушысы Анжело Штиллер өзіне жаңа команда таңдады. Журналист Экрем Конурдың мәліметіне сәйкес, 24 жасар футболшы Мадридтің "Реал" клубына ауысуды жөн көріп отыр.

Ол "Манчестер Юнайтед", "Бавария", "Ливерпуль" және Дортмундтың "Боруссия" клубтарында ойнауға қарағанда "Реал" құрамында өнер көрсетуді қалайды. Футболшының бұл шешімі Хаби Алонсоның бас бапкер ретінде жұмыс істеуімен байланысты болған.

Сонымен қатар, Штиллер "Манчестер Юнайтед" бас бапкері Рубен Аморимнің трансферлік тізіміндегі басты орындардың бірін иеленгені жайлы да ақпараттар тараған болатын. Биылғы маусымда Штиллер барлық жарыстарда 17 ойынға қатысып, 1 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Штиллер "Реалды" таңдауда