date

Гаттузо: Мәселе бізде емес, Кьезада


Италия құрамасының бас бапкері Дженнаро Гаттузо "Ливерпуль" клубының ойыншысы Федерико Кьезаның ұлттық құрамаға оралуына қатысты сұраққа жауап берді. Бұған дейін Кьеза ұлттық құрама шақыртуынан бас тартып келген еді.

"Кьезаның мәселесін білесіздер. Сіздер әрқашан осы бір сұрақты қойып келесіздер.

Мен әрбір жиынға Кьезаны шақырамын, онымен әрқашан сөйлесемін. Мәселе Гаттузода немесе оның штабында емес – мәселе Кьезада, бізде емес.

Мұны сіз өте жақсы білесіздер. Бірдей сұрақты қайта-қайта қоясыздар, ал мен әрқашан бірдей жауап беремін", – деді Гаттузо Sky Sport телеарнасына берген сұхбатында.

Әлем чемпионатына жолдама алу үшін өтетін плей-офф ойындарының жартылай финалында Италия құрамасы Солтүстік Ирландияны қабылдайды. Егер "Скуадра Адзурра" жеңіске жетсе, сырт алаңда Уэльс пен Босния және Герцеговина арасындағы жеңімпазбен күш сынасады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Гаттузо: Мәселе бізде емес, Кьезада