
ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле жақын күндері алаңға оралады деп күтілуде. Француз футболшысы осы айдың басында "Баварияға" қарсы ойында жарақат алған болатын.
Сол себепті ол "Лионға" қарсы кездесуді және Франция құрамасының қараша айындағы ойындарын өткізіп жіберді. Журналист Фабрис Хокинстің мәліметінше, 28 жастағы футболшы 26 қараша күні "Тоттенхэмге" қарсы Чемпиондар лигасы аясындағы ойынға қатысуы мүмкін.
Сонымен қатар, ол 25 қараша күні Лига 1 аясында "Гаврға" қарсы кездесуге қатысуы ықтимал. Алайда ПСЖ жаттықтырушылары футболшының денсаулығын қауіпке тігуді қаламай отыр және соңғы шешім жұма күні қабылданады.
Усман Дембеле осы маусымда ПСЖ құрамында 9 ойында алаңға шығып, 3 гол және 2 нәтижелі пастың авторы болды.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.