date

Леау: Қорғаушыларға қарсы ойнағанды ұнатамын


Португалиялық шабуылшы және «Милан» футболшысы Рафаэл Леау дриблингтің үлкен жанкүйері екенін айтты. Ол техникасы мықты, доппен шебер жұмыс істей алатын және қарсыластарды батылдықпен алдап өте білетін футболшыларға әрдайым тәнті болғанын жеткізді.

«Шынын айтсам, бір-бірге, тіпті екі-үш қорғаушыға қарсы ойнағанды жақсы көремін. Мен Роналдиньо, Куарежма және Роналду сияқты футболшылардың дәуірінде өстім, олардың алаңдағы техникалық қимылдары мені таңғалдырды», – деді Леау pianetamilan.it сайтына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Рафаэл Леау 2019 жылдан бері «Миланның» намысын қорғап келеді. Бұған дейін ол Францияның «Лилль» және Португалияның «Спортинг» клубтарында ойнаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Леау: Қорғаушыларға қарсы ойнағанды ұнатамын