Боатенгтің "Барселонаға" келу себебі


Германия ұлттық құрамасы мен Мюнхеннің "Бавария" клубының бұрынғы футболшысы Жером Боатенг Каталонияның "Барселона" клубының жаттығу алаңында көрінді. Бұл туралы "көк-қызылдардың" баспасөз қызметі хабарлады.
"Қош келдіңіз, Жером Боатенг", - делінген "Барселонаның" әлеуметтік желідегі хабарламасында. Сапары барысында Боатенг "Баварияның" бұрынғы бас бапкері Ханс-Дитер Флик, мюнхендік клубтың бұрынғы шабуылшысы Роберт Левандовски және "Барселонаның" басқа футболшыларымен сөйлесті.
Жером "Барселона" базасында бірнеше күн уақыт өткізеді. Еске салайық, ол 37 жасында футбол мансабын аяқтаған.

















Пікірлер 0
…