date

Де Зерби: Ұпай жинауымыз керек


Марсель клубының бас бапкері Роберто Де Дзерби Франция чемпионатының он үшінші туры аясында өтетін сырт алаңдағы матч алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл кездесуде оның шәкірттері Ницца командасына қарсы ойнайды.

"Әрдайым барлық жарыстарда 100% күш салуымыз керек. Барлық турнирлерде соңына дейін барғымыз келеді.

Тек жарақат алған ойыншылар ғана мені алаңдатып отыр. Бірақ жарақаттарға қарамастан, біз ұпай жинап, жақсы ойын көрсетуіміз қажет", — деп мәлімдеді Де Дзерби RMC Sport-қа берген сұхбатында.

Аталған матчта Наеф Агерд, Амир Мурило және Пьер-Эмиль Хёйбьерг қатыспайды. Соңғы төрт ойынды өткізіп алған капитан Леонардо Балерди матчқа қайта оралды.

"Марсель" командасы 25 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал көшбасшы ПСЖ олардан екі ұпайға алда.

"Ницца" 17 ұпаймен тоғызыншы орынды иеленуде.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Де Зерби: Ұпай жинауымыз керек