date

Арне Слот: 0:3 есебінде де жанкүйерлер ән айтты

Арне Слот: 0:3 есебінен кейін де жанкүйерлер ән шырқады

«Ливерпуль» командасының бас бапкері Арне Слот «Ноттингем Форестке» 0:3 есебімен жеңілген матчтан кейін ұжымның көңіл-күйі жайлы пікір білдірді.

«Командамыздың көңіл-күйі нашар ма? Бұл – табиғи жағдай. 0:3 есебімен жеңілістен кейін біздің қандай жағдайда болуымыз керек еді? Бұл – қалыпты нәрсе. Алда Чемпиондар Лигасының ойындары бар. Футболшылар өздеріне күш тауып, алға қайта ұмтылуы тиіс.

«Энфилдте» 0:3 есебімен жеңілуіміз сирек болатын жайт. Мен футболшыларға ойынынан кейін де жанкүйерлердің ән шырқағанын айттым. Есеп 0:3 болғанда біреулер стадионды ерте босатса, бұл мен үшін ерекше жағдай болып саналмайды», - деді Слот BBC басылымына.

«Ливерпуль» Чемпиондар Лигасы аясында «ПСВ» командасымен матчты сәрсенбі күні, 26 қарашада өткізеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Арне Слот: 0:3 есебінде де жанкүйерлер ән айтты