date

Каё Жорже Италияға оралуы мүмкін


Бразилиялық шабуылшы Кайо Жорже қысқы трансфер терезесінде Италияға қайта оралуы мүмкін. Алайда ол бұрынғы командасы "Ювентусқа" емес, "Миланға" ауысуы ықтимал.

Бұл туралы pianetamilan.it басылымы бразилиялық O Tempo ақпарат құралына сілтеме жасап хабарлады. Соңғы бір жарым жылда Кайо Бразилияның "Крузейро" клубында өнер көрсетіп, 64 ойында 29 гол соққан.

Оған "Миланның" жаңа бапкері Массимилиано Аллегри қызығушылық танытуда. Аллегри бұрын "Ювентус" клубында Кайомен бірге жұмыс істеген және футболшының әлеуетін жақсы білетінін атап өтуде.

Еске сала кетейік, Массимилиано Аллегри 2014 жылдан 2024 жылға дейін, 2019-2021 жылдардағы үзілісті қоспағанда, "Ювентусты" басқарған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Каё Жорже Италияға оралуы мүмкін