date

Флорентино Перес: Негрейра мәселесін кім ұмыта алады


Мадридтің "Реал" клубының президенті Флорентино Перес "Негрейра ісі" деп аталған жағдайға байланысты өз пікірін білдірді. Белгілі болғанындай, өз кезінде "Барселона" техникалық төрешілер комитетінің вице-президентіне ақша аударған.

Каталониялық клуб бұл қаражаттар алаңдағы шешімдер үшін емес, төрешілік бойынша есептер үшін төленгенін алға тартқан еді. "Төрт бірдей "Барселона" президенті 17 жыл бойы техникалық төрешілер комитетінің вице-президентіне көп миллиондық қаражаттарды төлеп келген.

Қазіргі комитет басшысы Франс Сото бізден бұл мәселені жабуды және Негрейра ісін ұмытуымызды сұрады. Мұны кім ұмыта алады?

Шындық мынада, Негрейра ісімен байланысты көптеген төрешілер әлі күнге дейін өз қызметін жалғастыруда. Бұл жағдай олардың бейтарап жұмыс істеуіне кедергі келтіруде," - деді Перес Marca басылымына берген сұхбатында.

"Реал" жексенбі күні Ла Лига аясында "Эльче" командасымен сырт алаңда кездеседі.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Флорентино Перес: Негрейра мәселесін кім ұмыта алады