date

Хаби Алонсо "Реалдың" тең ойынына пікір білдірді


Мадридтің "Реал" клубы Ла Лиганың 13-турында "Эльче" командасына қарсы сырт алаңындағы ойында жеңіске жете алмады (2:2). "Корольдік клуб" есепте екі рет артта қалғанына қарамастан, ойынның соңғы минуттарында тең есепке қол жеткізді.

87-минутта құтқарушы голды Джуд Беллингем соқты. "Бұл - футбол.

Соңғы кездері нәтижелеріміз күткендей болмады, бұған наразымыз, бірақ алда әлі көптеген матчтар бар. Команда рухы әлсіреген жоқ – күресті жалғастырып жатырмыз.

Әр ойынның өз контексті бар. Біз өзімізге сынмен қараймыз және одан да жақсы ойын көрсетуіміз қажет екенін жақсы білеміз.

Мәселелерге дұрыс жауап беру маңызды," – деді "Реал" бас бапкері Хаби Алонсо баспасөз жиынында. Мадрид командасы 32 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.

Одан кейінгі орындарда "Барселона" (31 ұпай), "Вильярреал" (29 ұпай) және "Атлетико" (28 ұпай) жайғасқан.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Хаби Алонсо "Реалдың" тең ойынына пікір білдірді