date

"Челси" мен "Арсенал" ойынының бас төрешісі анықталды

“Челси” мен “Арсенал” ойынының бас төрешісі анықталды
Англия Премьер-Лигасының 13-турынан орын алған “Челси” мен “Арсенал” арасындағы ойынды Энтони Тейлор қадағалайды. Аталған кездесу 30 қараша күні өтеді.

Еске сала кетейік, “Арсенал” қазіргі уақытта АПЛ турнир кестесінде бірінші орында орналасқан және командада 29 ұпай бар. Микел Артетаның шәкірттері өткен турда өз алаңында “Тоттенхэмді” 4:1 есебімен жеңді.

“Челси” болса 23 ұпаймен екінші орынды иеленіп тұр. Команда “Манчестер Ситиден” бір ұпайға, “Астон Вилладан” екі ұпайға алда.

12-турда “Челси” сырт алаңда “Бернлиді” 2:0 есебімен жеңді. Команданы испандық бапкер Энсо Мареска басқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » "Челси" мен "Арсенал" ойынының бас төрешісі анықталды