
FIFA тәртіптік комитеті Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ісіне байланысты шешім шығарды. Шабуылшы Ирландияға қарсы өткен соңғы ойында қарсыласына шынтағымен соққы жасағаны үшін қызыл карточка алған еді.
БАҚ-тың хабарлауынша, FIFA Роналдуға бір ойынға нақты дисквалификация және тағы екі ойынға шартты түрде дисквалификация тағайындады. Белгілі болғандай, Криштиану бір ойындық дисквалификацияны бұған дейін өтеген және Арменияға қарсы өткен іріктеу кезеңінің соңғы турына шықпаған.
Осылайша, Португалия ұлттық құрамасының капитаны келесі жылы жазда басталатын 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші ойынына қатыса алады. Әлем чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі осы жылдың желтоқсан айында өтеді.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз Тақырыпқа қатысты жаңалықтар
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.