date

Джон Стоунз: "Реалмен" ойында өзімізді қалпына келтіреміз

Джон Стоунз: "Реал"мен ойында өзімізді қалпына келтіреміз

"Манчестер Сити" қорғаушысы Джон Стоунз Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алдағы турында Мадридтің "Реал" командасына қарсы матчта не күтетінін айтты. "Қалалықтар" командасы сейсенбі күні өз алаңында "Байермен" кездесу өткізіп, 0:2 есебімен жеңіліске ұшырады.

Екі апта өткен соң, 10 желтоқсанда Пеп Гвардиоланың шәкірттері "қаймақ түстілердің" алаңында сыртқы матч өткізеді. "Бүгінгі жеңілістен кейін пайда болған мотивацияны ескерсек, бұл біз үшін жағдайды түзеу үшін керемет мүмкіндік.

Бұл оңай болмайды, бірақ біз қиын міндеттерді жақсы көреміз. Біздің әрқайсымыз команда болып та, жеке деңгейде де қиындықтарға кезіктік – барлығы оларға қалай жауап беретініңізге байланысты.

Үміттенемін, жақсы ойын көрсетеміз және өзімізді қалпына келтіреміз", – деді Стоунз УЕФА-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Джон Стоунз: "Реалмен" ойында өзімізді қалпына келтіреміз