
Дортмундтың "Боруссия" спорт директоры Себастьян Кель команда қорғаушысы Нико Шлоттербек пен клуб арасында жаңа келісімшарт бойынша келіспеушіліктер бар деген әңгімелерге жауап берді. "Бұл туралы оқығанда таңғалдым әрі күліп алдым.
Шлоттербекпен бірге бұл әңгімелерге күліп қойдық. Біз Шлоттербекке қызықты жағдайлар жасауға тырысудамыз.
Нәтижесінде, ол жетістікке жетіп, жүлделер үшін күресуді қалайды, бұл біздің де мақсатымыз. Сонымен қатар, біз оның қаржылық күтулерін де қанағаттандыруды ойлаймыз.
Біз оның оң шешім шығаратынына үміттенеміз", - деді Кель Neue Westfälische басылымына берген сұхбатында. Естеріңізге сала кетейік, Шлоттербектің "аралармен" келісімшарты осы маусымның соңында аяқталады.
Әңгімелерге қарағанда, ойыншыға "Бавария", "Манчестер Юнайтед" және "Барселона" қызығушылық білдіруде.
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.