date

Роналду Жота отбасына сыйлық жіберді

Роналду Жота отбасына сыйлық жіберді

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Ұлттар Лигасының жазғы жеңісі құрметіне командаластарына сыйлық дайындауға шешім қабылдады. Sic Noticias басылымының хабарлауынша, Роналду Jacob & Co брендімен бірлесіп, әр португалиялық футболшы үшін жеке сағат өндіруді сұраған.

Әлем чемпионаты - 2026 жылғы іріктеу кезеңіндегі Арменияға қарсы ойын алдында Роналду бұл сағаттарды командаластарына жіберген. Сондай-ақ, Криштиану сағаттың бір данасын шілденің басында көлік апатынан қаза тапқан Диогу Жотаның отбасына да жіберген.

Сағаттардың бағасы 280 000 доллардан 400 000 долларға дейін екені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар Лигасының финалында Португалия құрамасы Испанияны пенальти сериясында 2:2 есебімен жеңген болатын.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Роналду Жота отбасына сыйлық жіберді