"Ливерпуль басшылығынан әрдайым қоңырау түсе бермейді"

“Ливерпуль” бас бапкері Арне Слот қатарынан болған сәтсіз нәтижелерден кейін клуб басшылығының оған сенімі туралы сұраққа жауап берді. Сәрсенбі күні мерсисайдтықтар Чемпиондар лигасы аясында өз алаңында Нидерландтың ПСВ клубына 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
Бұл “қызылдар” үшін қатарынан үшінші жеңіліс болды және жалпы алғанда олар 1:10 нәтижесін тіркеді. “Мен “Ливерпуль” басшылығымен байланыстамын, біз үнемі сөйлесіп тұрамыз, бірақ маған әр минут сайын қоңырау шалып, сенімнің бар екенін растамайды.
Әңгімелер әдеттегідей өтеді, мен сенімді сезінемін, бірақ ПСВ-мен кездесуден кейін әзірге сөйлескен жоқпыз. Қалай болатынын көреміз”, - деді Слот журналист Фабрицио Романо арқылы.
Айтуынша, “Ливерпуль” басшылығы нидерландтық маманды отставкаға жіберу мәселесін байыпты қарастыруда.