Норвегия бапкері Хайкиннің дебютіне пікір білдірді

Норвегия ұлттық құрамасының бапкерлер штабының мүшесі Фруде Грудас ресейлік қақпашы Никита Хайкиннің ұлттық құрамада ойнау мүмкіндігі туралы пікір білдірді. "Біз Никитамен әлі сөйлескен жоқпыз.
Ол жақсы қақпашы. Ол норвегиялық болғандықтан, басқа қақпашылар сияқты ұлттық құрамада ойнау мүмкіндігіне ие болады", – деді бапкер Odds.ru басылымына берген сұхбатында.
Белгілі болғандай, Хайкин қазір Норвегия паспортын алу процесінен өтуде. Норвегия чемпионатында Никита "Будё-Глимт" командасының намысын қорғауда.
Ағымдағы маусымда ол 38 ойынға қатысып, 43 гол жіберіп алған және 12 кездесуде қақпасын аман сақтап қалған.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз