ӘЧ-2026-ға алғашқы 2 миллион билет тез сатылып кетті

ӘЧ-2026-ға алғашқы 2 миллион билет тез сатылып кетті

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындық қызу жүріп жатқанда, жарысқа деген қызығушылық бүкіл әлем бойынша өте тез таралуда. ФИФА-ның ресми мәліметі бойынша, жарысқа шығарылған алғашқы екі миллион билет қазірдің өзінде сатылып кеткен. Бұл жағдай ӘЧ-2026-ны тарихтағы ең бұқаралық және ең инклюзивті чемпионат ретінде тағы бір рет растайды.

Билеттерді 200-ден астам ел мен аймақтан келген футбол жанкүйерлері сатып алғаны белгілі болды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйерлер жарыстың одан да ауқымды, жаңа форматта өтуіне және 48 құрама команданың қатысуына байланысты бұл чемпионатты өз көздерімен көруге тырысуда.

ӘЧ-2026-ға алғашқы 2 миллион билет тез сатылып кетті

Алғашқы сатылымдар кезінде ең көп билет сатып алғандар арасында, әрине, қонақ елдер - Канада, Мексика және АҚШ жанкүйерлері көш бастады. Бұл елдерде ойындар саны көп болғандықтан, жергілікті жанкүйерлер өз стадиондарында өтетін ойындар үшін мүмкіндікті жоғалтпауға тырысуда.

ФИФА келесі сатылым кезеңі жеребе тарту рәсімінен кейін - 11 декабрьде басталатынын хабарлады. Бұл кезеңде билеттер FIFA.com/tickets арқылы қайта сатылымға шығарылады және рекордтық сұраныс тағы да байқалуы мүмкін.

2026 жылғы әлем чемпионаты футбол тарихында жаңа бет ашады деп күтілуде. Жарыс алғаш рет үш елде - АҚШ, Канада және Мексикада бірге өткізіледі. Жанкүйерлер арасындағы қызу қызығушылық бұл дүниежүзілік шараға деген сенім мен құлшыныстың өте жоғары екенін көрсетеді.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар