date

Мбаппе: "Ешкім кемеден түспейді"

Мбаппе: "Ешкім кемеден түспейді"
Мадридтің "Реал" командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе клуб төңірегіндегі теріс қауесеттерге қатысты пікір білдірді. 'Алаңда дауылдар болуы мүмкін...

бірақ ешкім кемеден түспейді. Біз барлығымыз биыл бірге жүлделерді жеңіп алу үшін тырысамыз', - деді Мбаппенің сөзін журналист Фабрицио Романо келтірді.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турында "Реал" сырт алаңда Грекияның "Олимпиакос" командасын 4:3 есебімен жеңді. Команданың барлық голдарын Мбаппе соқты.

26 жастағы француз шабуылшысы ағымдағы маусымда 18 матчта 22 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. "Реалдың" келесі ойыны 30 қараша күні "Жирона" командасына қарсы өтеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Спорт » Мбаппе: "Ешкім кемеден түспейді"