Перишич Чемпиондар Лигасында тарих жасады

Перишич Чемпиондар Лигасында тарих жасады
Еуропа футболында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-тур ойындары өтті. Нидерландтың ПСВ командасы күтпеген жерден қонақта Англияның «Ливерпуль» клубын 4:1 есебімен жеңді.

Аталған матчта есепті Хорватия ұлттық құрамасының ардагері Иван Перишич ашты. 36 жас 297 күндегі футболшы 6-минутта пенальтиден гол соқты.

Осылайша, ол Чемпиондар лигасы тарихында пенальтиден гол соққан ең қарт футболшылар арасында үшінші орынды иеленді. Перишичтен бұл көрсеткіш бойынша тек екі ойыншы ғана жоғары тұр: испаниялық Серхио Рамос (37 жас 257 күн) және тағы бір хорватиялық Лука Модрич (37 жас 54 күн).

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар