Аргентинада Месси мүсініне тағы да вандализм жасалды

Аргентинада Лионель Мессидің мүсіні тағы да вандализм құрбаны болды. Diario Registrado басылымының хабарлауынша, жексенбі күні таңертең белгісіз тұлғалар Мар-дель-Плата орталығындағы бардың жанында орнатылған мүсінді бүлдірген.
Мүсін екі бөлікке бөлінген: басы мен жоғарғы бөлігі бөлек жерде жатқан күйде табылған. Бұл аргентиналық футболшыларға арналған ескерткіштерге қатысты алғаш рет орын алған оқиға емес.
Бұған дейін Буэнос-Айресте қақпашы Эмилиано Мартинестің суреті бейнеленген мурал да зақымданған болатын. Ал Месси мүсіні бұрынғы вандализм актісінен кейін қайта қалпына келтірілген еді.

Пікірлер 0
…